Парламентаралық ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды

Бразилия, 2024 жылғы 28 ақпан – ҚР-дың Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия Парламентінің төменгі Депутаттар палатасының федералдық депутаты, «Қазақстан-Бразилия» достық тобының жетекшісі Клаудио Кажадомен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Бразилия арасындағы екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ екі ел парламенттерінің төменгі палаталарындағы «Қазақстан-Бразилия» достық тобының бірінші отырысын биыл Астанада өткізу мерзімін талқылады.
Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Мемлекет басшысының «Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы бойынша Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалардың барысымен таныстырды. Сондай-ақ, мемлекеттер арасындағы саяси диалогты нығайтудағы екіжақты ықпалдастықтың басымдықтарын белгіледі.
Клаудио Кажадо өз тарапынан Қазақстан басшылығына реформалар мен алға қойған мақсаттардың іске асырылуында сәттілік тілеп, екі ел парламенттерінің төменгі палаталарындағы «Қазақстан-Бразилия» парламенттік достық топтарының бірінші отырысын ұйымдастыру бастамасын қолдады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.