Аргентиналықтар қашықтықтан қазақ тілін үйреніп жатыр

Аргентиналықтар қашықтықтан қазақ тілін үйреніп жатыр

Ү.ж. 17 сәуір күні Аргентинаның Росарио қаласындағы Қазақстандық ұлттық мәдени орталықтың негізінде еліміздің «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан Росариодағы ҚР Құрметті консулы Густаво Гутиеррез және оның оның жұбайы, осы Оңтүстік Америка елінде қазақ халқының мәдени құндылықтарын насихаттап жүрген біздің бұрыңғы отандасымыз Ирина Вагнермен бірге тығыз қарым-қатынаста ұйымдастырылып отырған жергілікті тұрғындарға арналған қазақ тілінің онлайн-курстары басталды. Қазақстандық мамандар аргентиналық энтузиастар тобын аптасына бір рет қашықтықтағы конференц-байланыс арқылы 40 минуттан үйретіп отыратын болады.

Росарио – Аргентинаның маңызды экономикалық, білім және мәдени орталығы. 2016 жылғы қыркүйектен бастап қалада Қазақстанның Бразилиядағы елшілігінің қолдауымен түрлі халықаралық көрмелер мен мәдени шараларға белсенді қатысатын Қазақстандық мәдени орталық жұмысын атқарып келе жатыр. Мұнда жыл сайын Аргентина Республикасының Мемлекеттік Туы Мемориалында Республикамыздың Тәуелсіздік күніне орай еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, Әнұраны орындалады. Алматы мен Росарио арасындағы 2019 жылғы қарашада орнаған бауырластық қарым-қатынастар, сондай-ақ бүгінгі мәдени байланыстар қазақстандық-аргентиналық ынтымақтастықтың нығаюына ықпал ететіні сөзсіз.