Қазақстан мен Бразилияның жоғары қаржы бақылау органдары тығыз ынтымақтастыққа дайын

Рио-де-Жанейро, 2022 жылғы 11 қараша – Жоғары қаржылық бақылау органдарының халықаралық ұйымының (INTOSAI) XXIV конгресі аясында Қазақстан Республикасы Есеп палатасының Төрағасы Наталья Годунова Бразилия Федеративтік Республикасының Есеп палатасының Төрағасы министр Бруно Дантаспен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері, тиімділік аудиті әдіснамасы мен тренингтерге қатысты алдағы іс-шаралар жоспары талқыланды, сондай-ақ тығыз ынтымақтастық пен байланыс арналарын жетілдіру туралы келісімдерге қол жеткізілді. Кездесу нәтижесінде Бразилияның жоғары қаржылық бақылау органымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бразилия Федеративтік Республикасы осы халықаралық ұйымға алдағы үш жылда төрағалық етті.