Бразилияның отбасы істері жөніндегі Ұлттық хатшысы Қазақстан Елшілігіне келді

Бразилияның отбасы істері жөніндегі Ұлттық хатшысы Қазақстан Елшілігіне келді

Бразилиа, 2022 жылғы 11 қазан – Бразилияның әйелдер, отбасы және адам құқықтары министрлігінің Отбасы істері жөніндегі Ұлттық хатшысы Анджела Гандра ханым Қазақстан Республикасының Елшілігіне сыпайылық сапарымен келіп, Елші Болат Нүсіповпен кездесті.

Әңгімелесу барысында тараптар екі елдің отбасы, жастар және гендерлік саясатын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша пікір алмасып, осы бағытта екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік танытты.

Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру контекстінде барлық адамдар үшін мүмкіндіктер мен әділдіктің теңдігін, сондай-ақ қоғамдық игіліктердің кепілдіктерін қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бөлігінде қыркүйек айындағы Жолдауының ережелерімен таныстырды. Балалардың жарияланған жылы мен «Ұлттық қор – балаларға» жаңа бағдарламасы аясында әлеуметтік қамсыздандыру және жастар саясаты саласындағы реформаларға ерекше назар аударылды.

Қызмет бағыты