Қазақстан Елшілігінің Бразилия Парламентімен ынтымақтастығы кеңеюде

Бразилия, 2022 жылғы 27 сәуір – Қазақстан Республикасының Елшілігіне Бразилия Ұлттық конгресі палатасының депутаты Милтон Виейра Пинто сыпайылық сапармен келді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов сұхбаттасын Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылындағы негізгі жетістіктерімен және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Наурыз Жолдауы аясында елімізде жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды, сондай-ақ парламентаралық диалогты дамыту екі ел арасындағы саяси диалог басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. Тараптар Қазақстан мен Бразилия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Милтон Виейра Қазақстанды Тәуелсіздіктің 30 жылындағы әсерлі жетістіктерімен құттықтап, Елшіліктің құрметті қонақтарының кітабына естелік жазба енгізді. Сонымен қатар, депутат тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихына үлкен қызығушылық танытты. Сондай-ақ, депутат Сан-Паулу қаласындағы Елшіні Қазақстанда орналасқан «Құдай Патшалығы» Дүниежүзілік шіркеуінің бөлімшелері орналасқан барлық елдердің туларын көтеру рәсіміне қатысуға шақырды.