Елші Болат Нүсіповтың Флуминенсе Федералдық университетінің профессорымен кездесуі

Елші Болат Нүсіповтың Флуминенсе Федералдық университетінің профессорымен кездесуі

Бразилиa, 2022 жылғы 8 ақпан – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Флуминенсе Федералдық университетінің профессоры Эдельсио Америкомен онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар осы жылға арналған мәдени-ағарту іс-шараларының жоспарын, соның ішінде биылғы көктемде Рио-де-Жанейрода өтетуі жоспарланған Қазақ киносы күндерін, сондай-ақ аталған университет базасында қазақ тілі және Қазақстан лекторатын (Kazakhstan Studies) ашу мүмкіндігін талқылады. Осы жылдың күзінде Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойын мерекелеу аясында тиісті меморандумға қол қою жоспарлануда.

Сонымен қатар, тараптар "Бразилиядағы Қазақ кітапханасы" жобасының тұжырымдамасы және осы жылдың күзінде "Көшпенділер" трилогиясының бірінші томының шығарылымы бойынша пікір алмасты.

Эдельсио Америко Оңтүстік Америкадағы Орталық Азияның елтану мен тарихына маманданған аз ғана ғалымдардың бірі, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік марапаты ІІ дәрежелі "Достық" орденінің иегері. Ынтымақтастық жылдарында ол қазақ авторларының бірқатар кітаптарын португал тіліне аударып, Бразилиядағы басылымдарға қатысқан.

Қызмет бағыты