Әл-Фараби Бразилияда

Әл-Фараби Бразилияда

Рио -де -Жанейро, 2021 жылғы 18 қыркүйек - Леме Университетінің бастамасымен «Youtube» және «Facebook» платформаларында онлайн форматта «Қазақстаннан шықан әлемнің екінші ұстазы» атты ашық дәріс өтті.

Іс-шарада Флуминенсе Федералды Университетінің (UFF) профессоры, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының ІІ дәрежелі «Достық» орденінің иегері - Эдельсио Америко арнайы баяндамасын оқыды.

Онлайн дәрістің қатысушылары тарихи тұлға, әлемнің әйгілі ғалымы және ойшылы Әбу Наср Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығының тарихымен, сондай-ақ оның қазіргі ғылым мен дүниетанымның дамуына елеулі әсер еткен маңызды еңбектерімен таныстырылды. Әл-Фарабидің демократия туралы кейбір трактаттары қазіргі философияның негізін құрады және бүгінгі күнге дейін өзекті болып табылады.

Сонымен қатар, баяндамашы өз сөзінде Қазақстан тарихының маңызды кезеңдерін атап өтіп, көшпелі мәдениеттің әлемдік тарихтың дамуындағы рөлі мен маңыздылығын атап өтті.