Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия Чилидің Бразилиядағы Eлшісіне сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Бразилиа, 2021 жылғы 5 тамыз - Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов Чилидің Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшісі Фернандо Шмидт Аризтияға сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылап, екі мемлекет арасында тұрақты саяси диалогтың бар екендігін, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың зор әлеуетін, сондай-ақ көпжақты алаңдардағы өзара әрекеттесуді атап өтті.
Қазақстандық дипломат екі елдің экономика, өнеркәсіп және сауда салаларындағы мүмкіндіктері аясында Чилимен екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылды кеңейту үшін, сондай-ақ көпжақты кооперацияны жандандыру үшін барлық күш-жігерін жұмсауға дайын екенін білдірді.
Өз кезегінде Фернандо Шмидт Аризтия Чили Қазақстанмен екіжақты форматта да, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Тынық мұхиты альянсын қоса алғанда, аймақтық және халықаралық ұйымдар шеңберінде де кең ауқымды ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін баса айтты.