Бразилиялық «WEG» компаниясы қазақстандық нарықта өзінің қатысуын кеңейтуге мүдделі

Бразилия, 2021 жылғы 13 сәуір – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов өнеркәсіптік электр жабдықтарын өндіру саласындағы жетекші бразилиялық «WEG» компаниясының Институционалдық қатынастар және маркетинг жөніндегі директоры Даниель Годиньомен онлайн-келіссөздер өткізді.
Ұсынылған презинтацияға сәйкес, 2020 жылдың ақпан айында компания Алматы қаласында өкілдігін ашты, оның базасында болашақта сервистік хаб пен электр жабдықтарын өндіру зауытын іске қосуды жоспарлауда.
Келіссөздер барысында Елші компанияның технологиялық артықшылықтарын ескере отырып, оның басшылығын қазақстандық нарықта да, жалпы өңірде де жедел қызметті кеңейту мақсатында Қазақстандағы инвестициялық және экспорттық мүмкіндіктермен таныстырды.
Өз кезегінде WEG Институционалдық қатынастар және маркетинг жөніндегі директоры компанияның ҚР мемлекеттік органдарымен және жеке меншік секторымен өзара іс-қимылының ағымдағы деңгейін жоғары бағалап, компания Қазақстанда одан әрі сервистік қолдау көрсете отырып, энергетика және тау-кен өнеркәсібі саласындағы жоғары технологиялық жабдықтар өндірісін жолға қою мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді.