Бразилияның ең ірі Амазонас штаты Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастыққа дайын

Бразилия, 2021 жылғы 13 сәуір – Елші Болат Нүсіпов Бразилияның ең ірі Амазонас штатының губернаторы Вилсоном Лимамен онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында Елші Амазонас штатының басшысын Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылда негізгі жетістіктерімен және Қазақстанның ЭЫДҰ-ға мен әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруін қамтамасыз етуге бағытталған еліміздегі жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалары жөнінде таныстырды.
Дипломат Қазақстан мен Бразилия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі мәртебесі туралы ақпаратандыра отырып, осы Бразилиялық аймағындағы ерекшеліктерін ескере отырып, өзара іс-қимылдың үш басымдығына, яғни сауда, тау-кен өнеркәсібі және агроөнеркәсіптік кешендеріне назар аударды.
Өз кезегінде, губернатор екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын жоғары бағалай отырып, Амазонас штатындағы жетекші компаниялардың қатысуымен аймақаралық байланыстарды дамытуға үміт білдірді. Қоршаған ортаны қорғау мен туризмді дамыту бойынша тәжірибе
алмасу, сондай-ақ Манаустағы еркін экономикалық аймақ аясында ынтымақтастық екі жақтың қызығушылығын тудырады.