Нотариаттық іс-әрекеттер жасау
Жарияланған күні: 07 қазан 2022
Жаңарту күні: 31 наурыз 2025
Көру саны:316
- Құжаттардағы қолдың түпнұсқалығын куәландыру.
- Құжаттарды бір тілден екінші тілге аударудың дұрыстығын куәландыру.
- Құжаттардың көшірмелері мен олардан үзінді көшірмелердің дұрыстығын куәландыру.
- Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардан басқа мәмілені (сенімхатты) куәландыру.
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
- Өтініш.
- Құжаттың түпнұсқасы.
- Төлқұжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі.
Сенімхатты ресімдеу үшін өтініш беруші:
- өтініш;
- өтініш берушінің төлқұжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
- сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕРЗІМІ
- 1 жұмыс күні
КОНСУЛДЫҚ АЛЫМ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ
- Құжаттардағы қолдың түпнұсқалығын куәландыру (әрбір құжат үшін) - 30 швейцарлық франк;
- Құжаттарды бір тілден екінші тілге аударудың дұрыстығын куәландыру - 40 швейцарлық франк;
- Құжаттар көшірмесінің және олардың үзінділерінің дұрыстығын куәландыру (әрбір құжат үшін) - 30 швейцарлық франк;
- Мәмілені (сенімхатты) куәландыру - 50 швейцарлық франк.
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ
ОНЛАЙН КЕЗЕКТІ БРОНДАУ
ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 08:30-ден 11:30-ге дейін.
Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.
Мекен-жайы: Tavelweg 2, CH-3074 Muri bei Bern
СҰРАҚТАР ТУЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА
Телефон арқылы хабарласыңыз: +41 31 310 14 73 және / немесе электрондық пошта: consul.ch@mfa.kz .
Жарияланған күні
07 қазан 2022
Жаңарту күні
31 наурыз 2025
Жарияланымның авторы
Түрі
Қызмет бағыты