Швейцария Конфедерациясында оқитын студенттердің назарына

Құрметті Швейцария Конфедерациясының жоғарғы оқу орындарында оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында тұрақты сақтандыру мәртебесін алу мүмкіндігі туралы хабарлаймыз.

 

Тіркеу бойынша нұсқаулық

 

 

1-қадам. Электрондық үкіметтің egov.kz сайтына өтіп, жүйеге тіркеліңіз;

 

2-қадам. «Қызметтер» бөлімінен «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» тармағын таңдаңыз;

 

3-қадам. Өтінішті толтырып, оған электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе SMS құпия сөзімен қол қойыңыз;

 

4-қадам. Өтінім өңдегеннен кейін жеке кабинетіңізге хабарлама жіберіледі.

 

* тиісті орган деректерді тексеріп, студент мәртебесін жаңартқаннан кейін Сіз сессия аяқталғанға дейін сақтандырыласыз. Әр сессиядан кейін студент қайтадан egov.kz электрондық үкімет порталында тіркелуі керек.

Жарияланған күні

08 сәуір 2022

Жаңарту күні

08 сәуір 2022