Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу

"Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін алу үшін әрбір сұралатын құжат үшін келесі құжаттарды ұсына отырып, Елшіліктің консулдық бөліміне жеке жүгінуіңіз керек: 

  1. Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

  2. Бала асырап алушылардың жеке куәліктері (түпнұсқасы және көшірмесі);

  3. Бала асырап алу туралы сот шешімінің куәландырылған көшірмесі;

  4. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

  5. 35 швейцар франкі көлеміндегі консулдық алым төленгенін дәлелдейтін құжаттың түпнұсқасы.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: жеке тұлға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 5 жұмыс күні, егер қосымша зерттеу немесе тексеру қажет болса, қызметтерді көрсету мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады. 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік. 

Елшіліктің консулдық алымдарды төлеуге арналған банктік реквизиттері

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес консулдық алымдардың төленген сомалары қайтарылмайды.

Құжаттарды қабылдау 09:30-дан 12:30-ға дейін, құжаттарды беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбі мен жұмаға арылығында (сәрсенбі және демалыс күндерін, сондай-ақ мерекелік күндерді қоспағанда) 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Елшілігінде алдын ала жазылусыз, жеделдетілген қызмет көрсетусіз және кезекпен көрсетіледі. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ интернет-ресурсы арқылы алуға болады. 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз.