Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
2015 жылдың 22 мамыры - Қазақстан-Швейцария туризм және мейрамхана-қонақ үй бизнесі институты ашылды (Алматы технологиялық университеті және Швейцария туризм және қонақ үй менеджменті институты HTMi негізінде).
Женева бизнес мектебінің филиалдары Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыс істейді (Geneva Business School).
2015 жылдың 6 қарашасы - Берндегі тарихи музейге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты директоры М. Әбусейітованың төрағалығымен жасалған «Анри Мозер қорынан алынған Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы қолжазбалар мен артефактілер» ғылыми жұмысы табысталды.
2018 жылдың мамыры - «Рухани жағыру» ұлттық бағдарламасы аясында Қазақстанның танымал опера және эстрада орындаушыларының қатысуымен Женевадағы Леман театрында «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерті өтті.
2019:
19-20 наурыз - Берн қаласында Швейцария сарапшылары мен саясаткерлерінің қатысуымен Қазақстандағы реформалар бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
8 мамыр - Бернде "Экус: Жылқының тарихы" деректі фильмнің көрсетілімі өтті.
25 қазан (Цюрих)/8 желтоқсан (Берн) - Қазақстан Республикасының студенттері мен қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы күніне арналған дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/43117?lang=kk
2020:
Ақпан - А.Құнанбаевтың 175 жылдығына және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркалары шығарылды, сондай-ақ Елшілік сайтында фото және видео материалдармен жеке айдарлар ашылды: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/42168?lang=kk
7 сәуір - Елшіліктің қолдауымен С.Токанова мен И.Грибаус сынды музыканттардың Цюрих қаласында Абайдың 175 жылдығына орай алғашқы онлайн концерті өтті: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/53232?lang=kk
Сәуір - Елшілік «Отандастар» қорымен бірлесіп, Швейцариядағы диаспора үшін қазақ тілін үйренуге арналған онлайн-жобаны іске қосты.
30 мамыр - Елшіліктің көмегімен «Бірлік» қазақ-швейцария қауымдастығы құрылды. Тамыз айында қауымдастық Семейдегі жұқпалы аурулар ауруханаларының бірі мен перзентханаға 10 мың франктан асатын гуманитарлық көмек көрсетіп, Қазақстанның жас дәрігерлеріне арналған «United for Health» стипендиялық жобасын іске қосты.
27 шілде - Домбыра күні Швейцария, Италия, Германия және Австрия музыканттарының қатысуымен өтті. Бұл ретте швейцариялық Абай шығармашылығын қастерлейтін – жатқа айтушылардың, Цюрих университетінің оқытушыларының, диаспора өкілдерінің қатысуымен «Абай оқулары» өтті: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/78036?lang=kk https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/76688?lang=kk
6 қыркүйек (Цюрих) - Диаспора мен қазақстандық музыканттардың қатысуымен композитор Ш.Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған музыкалық челлендж өтті: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/media/details/6324?lang=kk
Тамыз айы - Цюрих университетімен тығыз байланыс орнатылды: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/102528?lang=kk
2020 жылдың көктемі - Коронавирустық пандемия кезінде швейцариялық компаниялар (Roche, Novartis, Philipp Morris Intl. және Glencore (Қазцинк) Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетті.
2021:
12 қаңтар – Жетекші швейцариялық басылымдардың (Tamedia, NZZ, SRF, Weltwoche, Handelszeitung және т.б.) журналистеріне арналған Қазақстандағы парламенттік сайлау нәтижелері туралы онлайн брифинг өтті.
31 мамыр – Берн қаласында «Birlik» Қазақстан-Швейцария бірлестігімен дөңгелек үстел өткізілді: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/209885?lang=kk
22 наурыз – «Наурыз-2021» мерекесіне орай Цюрих университетінің әлеуметтік антропология және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор Петер Финкенің қазақстандық арналарда көрсету үшін қазақ тілінде бейне құттықтауы көрсетілді: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/media/details/12243?lang=kk
5 сәуір – Елшіліктің ресми сайтында және Facebook желісінде Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы маңызды кезеңдерге арналған онлайн фотокөрме ұйымдастырылды: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/activities/11998?lang=kk
23 тамыз – Берндегі Семей полигонының жабылуының 30 жылдығы аясында А.Сингердің «Жел қайда соққан» директі фильмінің көрсетілімі және Қ.Күйіковтың «Көгілдір сәуле» картиналарының көрмесі өтті: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/245875?lang=kk
26 тамыз – «Information Centre on Historical Sources at the R.B. Suilemenov Institute of Oriental Studies» пен «Heinrich and Henri Moser Foundation» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
6 қыркүйек – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің Швейцарияға ресми сапары аясында 2022-2025 жылдарға арналған «Орталық Азия түркі халықтарының Швейцариядағы мұрасын» зерттеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи дереккөздер жөніндегі ақпараттық орталық пен Берн тарихи мұражайы арасында қол қойылды: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/252285?lang=kk
Сондай-ақ қазақстандық делегация Берн тарихи мұражайында қазақ мемлекеттілігінің тарихынан сыр шертетін бірегей мұрағаттық материалдарға арналған арнайы көрмені тамашалады, онда қазақ қоғамының саяси элитасының құрметті орындарын көрсететін барқыт тұс кілеміне ерекше назар аударылды. Бұл гобеленнің әлемде де, Қазақстанда да баламасы жоқ.
25 қыркүйек – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Берн қаласында «Алаш Ордаға» арналған «Тар заман» көркем фильмінің көрсетілімі өтіп, шараға қатысушылар арасында ашық пікірталас ұйымдастырылды: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/261499?lang=kk
10 қараша – Нұр-Сұлтандағы Қазақ ұлттық өнер университеті мен Цюрих өнер университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
13 қараша – Цюрихте Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әлемге әйгілі музыканттар – Айман Мұсаходжаева мен пианист Бруно Каниноның концерті өтті: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/285398?lang=kk