Белград, 2022 жылғы 28 ақпан - Қазақстанның Сербиядағы Елшілігі қазақ халық поэзиясының көрнекті өкілі, өлең сөзінің шебері Жамбыл Жабаевты еске алды.
Ақынның туған күнінде қазақ диаспорасы мен Елшілік өкілдері 2016 жылы ашылған Жамбыл Жабаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысы Жамбыл тауларының етегінде дүниеге келген.
Қазақ (кеңестік) ақын, екінші дәрежелі Сталиндік сыйлықтың лауреаты.
Оның 1936-1945 жылдар аралығында шыққан өлеңдері 13 мың өлеңнен асады. Ол ел өміріндегі жетістіктер мен жаңалықтарды, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың жеңісі мен батырлығын ерекше ықыласпен жырлады.
Ескерткіш Нови Белградта «Серб-қазақ достығы аллеясының» жанында орналасқан.