Ливан теледидарында Қазақстанға арналған бағдарлама шықты 

Жарияланған күні: 07 тамыз 2026

6 тамызда Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы жергілікті OTV телеарнасының тілшісі, танымал қоғам қайраткері Жуейл Азизге көлемді сұхбат берді. Тікелей эфирде ағылшын және араб тілдерінде жүрген жарты сағаттық бағдарлама бүгінгі Отанымыздағы саяси реформаларға, оның ішінде жаңа Конституцияның маңызы мен ерекшеліктеріне арналды. Айрықша көңіл Қазақстанда алдағы уақытта өтетін парламенттік сайлауға бөлінді. Сондай-ақ еліміздің сыртқы саясатының, оның ішінде Араб әлемімен және нақты Ливанмен байланыстардың жай-күйі мен келешек көкжиектері әңгімеге арқау болды.  Атап өтерлік жәйт – OTV  арнасы Ливанның өзімен қатар тұтастай Араб әлеміне, Еуропа, Солтүстік Америка және Австралияға тарайды.