Ливан теледидары Қазақстан жайлы сыр шертті

Жарияланған күні: 12 ақпан 2024

10 ақпанда Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы Ливандағы ең көне және беделді телеарналардың бірі TeleLiban-ға кең көлемді сұхбат берді. Журналист Джуеил Азизбен сұхбатында дипломат қазіргі Қазақстанның өмірі, оның бай мәдениеті мен табиғатының алуан түрлілігі туралы сөз тарқатты. Астана халықаралық сахнада белсенді саясат жүргізе отырыпАраб әлемімен, атап айтқанда Ливанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік, гуманитарлық, транзиттік және көліктік салалардағы байланыстар болашағынан зор үміт күттіреді. Қазірде Астана мен Бейрут осы әлеуетті игеруге күш салуда. Соның ішінде азаматтардың қатынауы үшін визалық жеңілдіктер енгізу, құқықтық базаны кеңейту, іскер топтар арасында тікелей байланыс орнату шаралары қолға алынуда