Қазақстанның гуманитарлық жүгі Сирияға толықтай жеткізілді

Жарияланған күні: 20 ақпан 2023

Ұлттық гвардияның әскери-көлік ұшағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Алеппо қаласына төртінші рейсін жасады. Бортта 15 тонна азық-түлік болған. Осымен Сирияға жеткізілген гуманитарлық жүктің жалпы көлемі 55 тоннаға жетті. Көмекті жергілікті Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамы зардап шеккен тұрғындарға таратады, деп хабарлайды «Хабар 24».