Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Шарттық-құқықтық база

Қазақстан Республикасының және Қытай Халық Республикасының арасында дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап кең ауқымды өзара қарым-қатынастарды қамтитын стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал ететін берік шарттық-құқықтық база құрылды. Жалпы саны 557-ден астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер мен шарттарға қол қойылды.

Қол қойылған екіжақты маңызды құжаттар: Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникесі (1992 ж. 3 қаңтар, Алматы), Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттама (2002 ж. мамыр); Тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт (2002 ж. желтоқсан, Бейжің); Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Қазақстан–Қытай Ынтымақтастық комитетін құру туралы келісім (2004 ж. мамыр); Стратегиялық әріптестік қатынастарын орнату және дамыту жөніндегі бірлескен декларация (2005 ж. шілде, Астана); Жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі бірлескен декларация (2011 ж. маусым, Астана); Жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету туралы ҚР мен ҚХР бірлескен декларациясы (2013 ж. қыркүйек, Астана); ҚР мен ҚХР мемлекет басшыларының жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңі туралы бірлескен мәлімдемесі (2015 ж. тамыз, Бейжің); Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдемеcі (2019 ж. қыркүйек, Бейжің); Қазақстан мен Қытай арасындағы бірлескен мәлімдемесі (2023 ж. мамыр, Сиань); ҚР мен ҚХР үкіметтері арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім (2023 ж. мамыр, Сиань), ҚР мен ҚХР үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль қатынастары туралы келісім (2023 ж. мамыр, Сиань); ҚР мен ҚХР Үкіметтері арасындағы мәдени орталықтарды өзара ашу туралы келісім (2023 ж. 27 қараша); ҚР мен ҚХР арасындағы бірлескен мәлімдемесі (2024 ж. 3 шілде, Астана); ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚХР Сыртқы істер министрлігі арасындағы екі елдің сыртқы істер министрлері деңгейіндегі Стратегиялық диалог құру бойынша өзара түсіністік туралы меморандум (2024 ж. 30 наурыз, Бейжің).

Тараптар шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Документы
Новости
Полезные материалы
Шарттық-құқықтық база
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары