Қазақстан Елшісі Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының бас хатшысымен кездесті

Қазақстан Елшісі Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының бас хатшысымен кездесті

2022 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшісі Асхат Оразбай Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы аятолла Хамид Хәвали Шәһриаримен кездесті.

Кездесу барысында оның 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысу мәселесі талқыланды.