Қазақстан мен Иран тараптары Үкіметаралық қазақстандық-ирандық комиссиясының 17-ші отырысын әзірлеу мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Иран тараптары Үкіметаралық қазақстандық-ирандық комиссиясының 17-ші отырысын әзірлеу мәселелерін талқылады

Ү.ж. 2 ақпанда Қазақстанның Ирандағы Елшісі Асхат Оразбай
2022 жылғы 22 ақпанда өтетін Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық қазақстандық-ирандық комиссиясының 17-ші отырысын әзірлеу бойынша онлайн кездесулерге қатысты.

Бірінші кездесу Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың, Иран Ислам Республикасының Ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Аббас Асқарзаденің, Иранның Қазақстандағы Елшісі Мәжід Самадзаде Сабердың, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, «ҚазТрейд» АҚ және Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің қатысуларымен өтті.

Екінші кездесуге Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев және Иран Ислам Республикасының Индустрия, сауда және кендер министрінің орынбасары – Иранның Сауданы ілгерілету ұйымының президенті Әлиреза Пейманпак қатысты.

Кездесулер барысында тараптар алдағы отырысқа шығарылатын мәселелерді және Қазақстан-Иран ынтымақтастығын кеңейту жолдарын жанжақты талқылады.

Үкіметаралық қазақстандық-ирандық комиссиясының тең төрағалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бахыт Сұлтанов пен Иран Ислам Республикасының Ауылшаруашылығы министрі Садати Неджат болып табылады.