Құжаттарды заңдастыру

Құжаттарды заңдастыру құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатында лауазымды адамның қойған қолы мен құжаттардағы мөрдің түпнұсқалығын белгілеу және куәландыру болып табылады.

Құжаттарды заңдастыруды:

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері;
  • Қазақстан Республикасының аумағында – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті (Астана қ.), ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігі жүзеге асырады.