Бас консул Астрахан облысының Мәдениет министрімен кездесті

Бас консул Астрахан облысының Мәдениет министрімен кездесті

Үстіміздегі жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы Қанат Хасенов Астрахан облысының Мәдениет министрі Ольга Прокофьевамен кездесті.

Кездесуде екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегі, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған бірлескен іс-шаралар кестесі талқыланды. Басты тақырып ретінде «Наурыз» мерекесін тойлау мәселесі, сондай-ақ «Жайлау той» қазақ этнографиялық мерекесіне Атырау облысының өнерпаздарын қатыстыру мүмкіндігі қарастырылды.

Сондай-ақ 2021 жылдан бері Астрахан қаласында өткізіліп келе жатқан «Каспий маусымдары» халықаралық фестиваліне қазақстандық музыканттар мен әртістердің қатысу мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында екі мемлекет арасындағы мұрағат ісі саласындағы өзара қарым-қатынастар белсенді дамып келе жатқаны атап өтілді. Осыған орай, Атырау облысының мемлекеттік мұрағаты мамандарының Астрахан облысының мемлекеттік мұрағатында зерттеу жұмыстарын жүргізуге тиісті көмек көрсеткендері үшін ресейлік тарапқа алғыс білдірілді.

Тараптар бірлескен іс-шараларды өткізу Астрахан облысы мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты нығайтуға жағымды ықпал ететініне сенім артылды.