Бас консул "Астрахан сауда-өнеркәсіп палатасы" одағының Президентімен кездесті

Бас консул "Астрахан сауда-өнеркәсіп палатасы" одағының Президентімен кездесті

Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы Қанат Хасеновтың "Астрахан сауда-өнеркәсіп палатасы" одағының Президенті Станислав Синченкомен кездесуі өтті.

Кездесуде Қазақстан Республикасы мен Астрахан облысының арасындағы іскерлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Әңгімелесу барысында Қанат Хасенов Бас консулдықтың өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін атап өтті. Алдағы жоспарлардың бірі – ү.ж. 13-14 кезеңінде Астраханда өтетін "Тұқымдар, өсімдіктерді қорғау құралдары, агротехнологиялар. Астрахан 2025" атты көрме-конференцияға Атырау облысы делегациясының қатысуын ұйымдастыру. Аталған іс-шара қатысушылар арасында өзара қарым-қатынас орнатуға және ынтымақтастықтың оңтайлы нұсқаларын талқылау үшін ауқымды алаңға айналады, сондай-ақ өзара тиімді жаңа байланыстарды дамытуға ықпал ететін болады.

Станислав Синченко Бас консулды Астрахан сауда-өнеркәсіп палатасының қызметімен таныстырып, 2025 жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Астрахан СӨП Президенті Қазақстан Астрахан облысының Каспийдегі сенімді серіктесі екенін атап өтті. Ортақ шекараның болуы ауыл шаруашылығы, кеме жасау, көлік және логистикада және т.б. салаларда іс-қимылдар мен өзара сауданы жүзеге асыруға тиімді.