Волгоградта Қазақстан Республикасының Құрметті консулы тағайындалды

Волгоградта Қазақстан Республикасының Құрметті консулы тағайындалды

Қазақстан Республикасының Волгоград қаласындағы Құрметті консулы лауазымына Қияев Василий Никифорович тағайындалды.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығында Құрметті консул В.Н. Кияевке экзекватураны ресми тапсыру рәсімі өтті.

Құрметті консулдың қызметі белгіленген консулдық аймақ шеңберінде және құрметті консулдың құзыреті шегінде Қазақстанның компаниялармен және қоғам өкілдерімен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де байланыстарын нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан азаматтары мен отандастарға олардың құқықтарын қорғауға жәрдемдесуге бағытталған.