Қазақстан театры Астраханда өнер көрсетеді

Астраханда Ресейдің жетекші театрлары мен шетелдік ұжымдарын біріктіретін IV Халықаралық «Театрлық дельта» фестиваль-форумы өтуде.
Фестиваль аясында 2 және 3 қазанда астрахандық көрермендерге Қазақстанның ең көне шығармашылық ұжымдарының бірі – Алматы қаласындағы М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының қойылымдарын тамашалау мүмкіндігі беріледі.
1933 жылы құрылған Лермонтов театры бүгінде Қазақстандағы ірі академиялық театрлардың бірі саналады. Мұнда сахна өнерінің танымал шеберлері мен жас буын актерлері еңбек етуде. Театрдың репертуарында әлемдік классика мен заманауи драматургия кеңінен қамтылған.
Астрахандағы гастрольдер Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі жүзеге асырып отырған «Үлкен гастрольдер» халықаралық бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда.