Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Консулдық қызметтерді алу тәртібі туралы ақпарат алу үшін төмендегі пайдалы ұяшықтарды басыңыз.
Тұрақты консулдық есепке тіркелу
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
* Ескерту: Тұрақты консулдық есепке тіркелу туралы қызмет алушының жеке өтініші бойынша жүзеге асырылады.
Уақытша консулдық есепке тіркелу
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін арналған құжаттарды ресімдеу үшін өздері немесе олардың заңды өкiлдерi (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) шет елдегі мекемеге келесі құжаттарды ұсынады:
1) өтініш және өтініш-сауалнама;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi мен паспортының көшірмесі, он алты жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда өтініш беруші еркін үлгіде жазбаша түсініктеме береді.
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдегі азаматының паспортын дайындауға арналған құжаттарды жазбаша түсініктемемен бір уақытта береді;
3) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-аналардың нотариалды түрде расталған келісімі - түпнұсқа.
Отбасы мүшелерінің алдында міндеттемелері болған жағдайда – алимент алушылар – егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады. Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу не кететін адамның кету үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін анықтау туралы соттың шешімі беріледі.
4) әскери есептен шығарылғаны туралы анықтама.
Әскери есептен шығарылғаны туралы анықтама болмаған жағдайда өтініш беруші әскери билеттің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлік) түпнұсқасын және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуына байланысты әскери есептен шығу және жеке әскери-есептік құжатты тапсыру туралы анықтама беруге өтініші ұсынылады.
Өтініш берушінің әскери билетін (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлігі) қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) алып қойған болса, әскери билеттің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлігінің) қабылданғаны туралы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (бөлімі) берген қолхат ұсынылады;
5) ата-анасымен не өзге де заңды өкiлдерімен бірге кету туралы шешiм қабылданған кезде он жасқа толған баланың пiкiрiн есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;
6) он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бiрiмен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бiрге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екiншiсінің нотариалды түрде расталған келiсiмi. Келiсiм болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртiбiмен шешiлуі мүмкін;
7) консулдық алымның төленгенiн растайтын құжат - 140 АҚШ доллары.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚР азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды (заңмен қудаланады).
- ҚР азаматтығынан айырылуын тіркеу үшін шетел мемлекеттің азаматтығын алған ҚР азаматы жеке куәләндіру құжаттарын (паспорт, жеке куәлік және басқа) ҚР ІІМ Көші-қон қызмет комитетіне немесе ҚР Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелеріне тапсыруға міндетті.
- ҚР азаматтығынан шығуға ҚР азаматының ҚР заңнамасына белгіленген тәртіппен жасаған өтініш негізінде рұқсат етіледі.
ҚР азаматтығынан айырылуды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізімі:
1) Өтініш - жеке мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысандағы өтініш (аты-жөні, туған күні мен орны, шетел азаматтығын қабылдаған күн, өтініш нысанын консулдық бөлімшелерден алуға болады);
2) Сауалнама және 2 дана түрлі-түсті фотосурет (3,5х4,5см);
3) Қазақстандық ұлттық паспортының түпнұсқасы, жеке куәлік және әскери билеттің түпнұсқалары (бар болса), құжаттардың бірінші бет көшірмелері;
Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (бөлім) әскери билетті (шақыру бөліміне берілгені туралы анықтама) алып тастаған жағдайда, әскери билетті қабылдағаны туралы қолхат (әскери қызметке қабылдау бөліміне берілгені туралы куәлік) қорғаныс бөлімі (бөлім) берген.
ҚР азаматтығынан шығу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) Сауалнама-өтініш (бекітілген нысанға сәйкес);
2) Өмірбаян (еркін нысанда);
3) Үш дана түрлі-түсті фотосурет (3,5х4,5см);
4) Жеке куәлік құжаттары және паспорт түпнұсқалары мен көшірмелері;
5) Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары Тұрақты тұруға кетуге берілген рұқсат құжаты;
6) Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама, «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі №95 бұйрығымен бекітілген нысандағы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №12055 тіркелген);
7) Балалардың тууы және неке туралы куәліктердің көшірмелері (бар болса);
8) Шетел (ТР) азаматтығын алу мүмкіндігін растайтын құжат;
9) Консулдық алымның төленгенін растайтын құжат (тек банк арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер жасалады);
10) өтініш берушінің Қазақстан Республикасында тұратын жұбайынан немесе асырауындағы адамдардан материалдық және өзге де талаптардың болмауы туралы Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісім туралы және олардың қайтыс болу туралы куәліктерінің көшірмелері, азаматты тану туралы сот шешімі қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен.
Көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасында зайыбы немесе оның асырауындағы адамдары болған жағдайда, ол сол адамдардың қызмет алушыға материалдық және басқа да талаптарының жоқтығы туралы нотариат куәландырған өтініштерін береді.
18 жасқа толмаған, сондай-ақ іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға қатысты азаматтықты өзгерту мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші куәландырған өтінішті, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесін ұсынады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатты қоса отырып олардың заңды өкілдері береді.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар ата-анасының өтінішіне көрсетілетін қызметті беруші растаған жазбаша келісімін қоса береді.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.
Арыздар, сауалнамалар немесе басқа материалдар бойынша жүктеулерге қатысты қиындықтар болған жағдайда kzankarakonsolos@gmail.com электрондық поштаға жазуды сұраймыз.
Неке (ерлі-зайыптылық) туралы келісімді тіркеу үшін келесіні ұсыну қажет:
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Қағидаларда қамтылғаннан өзгеше тәртіп белгіленсе, онда сол халықаралық шартта белгіленген тәртіп қолданылады.
4. Қазақстан Республикасынан мынадай құжаттардың:
1) әскери билеттердің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктердің);
2) қызметтік куәліктердің;
3) неке қию туралы куәліктердің, егер неке бұзылған болса;
4) қайтыс болған адамдардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері талап етуге жатпайды.
5. Қайтыс болуы туралы куәліктер қайтыс болғандардың туыстары, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары және ұйымдары ресми мақсаттарда (мұрагерлік іс ашу және басқа да әлеуметтік-құқықтық сипатқа ие мақсаттарда) талап етуі мүмкін.
6. Кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың талап ету жөніндегі өтініштерін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) береді.
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан құжаттарды талап ету туралы сұрау салуды жолдау үшін Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар келесі құжаттарды тапсырады:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) осы Қағидалардың қосымшасындағы нысан бойынша талап ету жөніндегі 3 дана сауалнама;
3) өтініш берушінің, заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) құжаты талап етіліп отырған тұлғамен өтініш берушінің туыстық қатынасын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі (қажет болған жағдайда);
5) заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын (құжатты талап етуге өкілеттігі бар тұлға болған жағдайда);
6) өтініш берушінің немесе заңды өкілдің, сенімді тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін;
7) талап етілетін құжаттың көшірмесін (бар болған жағдайда);
8) консулдық алым 30 АҚШ доллары төленгенін дәлелдейтін құжаттың түпнұсқасы.
* Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету мерзімі 3 ай немесе одан узақ уақытты алады.
КОНСУЛ ТӨМЕНДЕГІ НОТАРИАТТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ ЖАСАЙДЫ:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;
3) төлқұжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;
4) консулдық алымның 30 АҚШ доллары көлемінде төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (қолма-қол ақшасыз, тек банк арқылы төлемдер жасалады).
1) еркін нысандағы өтініш;
2) құжаттың түпнұсқасы;
3) төлқұжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;
4) консулдық алымның 50 АҚШ доллары мөлшерінде төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (қолма-қол ақшасыз, тек банк арқылы төлемдер жасалады).
1) еркін нысандағы өтініш;
2) құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;
3) төлқұжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;
4) консулдық алымның 40 АҚШ доллары мөлшерінде төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (қолма-қол ақшасыз, тек банк арқылы төлемдер жасалады).
* аударылған құжатты kzankarakonsolos@gmail.com электронды мекен-жайына жіберіп, өтініштің тақырыбын және тақырыптағы аты-жөніңізді көрсетіңіз.
1) еркін нысандағы өтініш;
2) өтініш берушінің паспортының түпнұсқасы және көшірмесі;
3) сенімді басқарушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) консулдық алымның 50 АҚШ доллары мөлшерінде төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (қолма-қол ақшасыз, тек банк арқылы төлемдер жасалады).
* сенімхат мәтінін kzankarakonsolos@gmail.com электронды поштасына жіберуіңіз керек, өтініштің тақырыбын және тақырыпта аты-жөніңізді көрсетіңіз.
* сенімхат тек қазақ немесе орыс тілдерінде беріледі.
* Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде консулдың басқа нотариаттық іс-әрекеттері көзделуі мүмкін («Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы).
Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан қойылады (апостиль) қойылады. Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады.
Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейдi және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады.
2001 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 545 қаулысына сәйкес, апостиль қою бойынша өкілеттікке ие ұйымдар ретінде мына мемлекеттік органдар белгіленді:
Консулдық легализация немесе апостиль керек екенін қалай білуге болады?
Егер ел 1961 жылғы Гаага конвенциясының қатысушысы болып табылса –"апостиль" мөртабаны қажет. Немесе – консулдық заңдастыру қажет.
Шынайы ақпарат көзі болып заңдастырылған құжат ұсынылатын ұйым табылады, себебі бір мемлекет шеңберінде түрлі органдар шетел құжаттарын заңдастыруға түрлі талаптар қояды. Сондықтан заңдастырылған құжат тапсырылатын органда заңдастыру түріне қойылатын талаптарды нақтылау қажет.
Апостиль дегеніміз не?
«Апостиль» мөртабанын қою (кейде бұл рәсімді «жеңілдетілген заңдастыру» немесе «апостильдеу» деп аталады) 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылған, консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсімін енгізетін елдерге құжаттар жолдау кезінде – «апостиль» мөртабанын қою қолданылады.
Бір жағынан апостильдеу мейлінше жылдам және оны тек қана бір өкілетті орган қоюына, ал екінші жағынан құжаттың Гаага конвенциясына қосылған барлық елдердің аумағында заңды күшіне ие болуына байланысты жеңілдетілген деп аталады.
Егер сіз құжатты дайындаған ел Гаага конвенциясына қатыспаса, оны консулдық заңдастыру қаже болады. Бұл айтарлықтай күрделі рәсім, ол құжатты ҚР Әділет министрлігінде, ҚР СІМ органдарында, бұдан кейін ҚР баратын елдің консулдылығында куәландыруды талап етеді. Бұл жерде құжат консулдық белгілісі бар елдің аумағында ғана заңды күшіне ие болады.
Сондай-ақ заңдастыру рәсімі құжат типіне негізделуі мүмкін, себебі консулдық заңдастыруға да, сондай-ақ апостильдеуге де жатпайтын құжаттар бар. Бұл негізінен коммерциялық құжаттарға қатысты: шарттар, инвойстар, коносаменттер, түрлі тауарды таратушы құжаттар және сыртқы экономикалық қызметке байланысты өзге құжаттар, олар үшін жекелеген рәсім бар – құжат ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасында (жуырда Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының құрамына кірді), бұдан кейін баратын елдің консулдығында заңдастырылады.
1961 жылғы Гаага конвенциясына сәйкес қабырғалары апостиль 9 см кем емес шаршы нысанына ие және Конвенцияға қоса берілген үлгіге сәйкес келуі тиіс.
Апостильдің мәтіні келесі деректемелерден тұрады:
Апостиль Конвенцияның ресми тілдерінің (француз немесе ағылшын) біреуінде, сондай-ақ апостиль қойған мемлекеттің ұлттық тілінде қойылуы мүмкін. Іс жүзінде көп жағдайда апостильде екі тіл (Конвенция тілдерінің біреуі және ұлттық тіл) қосарланып беріледі.
«Apostille» (Convention de la Haye du 5 octobre 1961) тақырыбы француз тілінде берілуі тиіс.
Конвенцияға сәйкес апостиль құжаттың өзінде немесе құжатпен қоса берілетін жекелеген парақта қойылады.
Іс жүзінде түрлі мемлекеттерде апостиль қоюдың түрлі тәсілдері пайдаланылады: резеңке мөртабан, желі, (түрлі-түсті) ленталар, сүргіш мөрі, бедерлі мөр, жапсырма стикерлер және т.б., сондай-ақ құжатқа қосымша ретінде, яғни желі, бекіткіш шығыршықтар, скрепкалар түрінде беріледі.
Апостиль қоюға қажетті құжаттар тізімі:
1) жеке тұлғалар үшін:
- еркін нысандағы өтініш;
- көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);
- апостиль қоюға арналған құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);
- консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (35 АҚШ доллары).
2) заңды тұлғалар үшін:
- еркін нысандағы өтініш (көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы ұсына алады);
- көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттары (түпнұсқасы және көшірмесі);
- апостиль қоюға арналған құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);
- көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі келе алмайтын болса, көрсетілетін қызметті алушының атынан әрекет ету өкілеттігін растайтын нотариалдық құжат;
- консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (35 АҚШ доллары).
«Апостиль» белгісін қоятын Гаага конвенциясына кірген мемлекеттердің мәртебесін заңдастыруды тоқтату және заңдастыруды жеңілдетуі туралы тізім:
|
Австралия Австрия Әзірбайжан Албания Андорра Антигуа и Барбуда Аргентина Армения Аруба (Нид.) Багам аралдары Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бельгия Бермуд аралдары (Брит.) Болгария Босния и Герцеговина Ботсвана Британдық Антарктикалық аумақ (Брит.) Британдық Виргин аралдары (Брит.) Бруней Дарусалам Бурунди Вануату Ұлыбритания және өзіне бағынатын аумақ Венгрия Венисуэла Виргин аралдары (АҚШ) Шығыс Самоа (АҚШ) Гваделупа (Фр.) Гвиана (Фр.) Германия Гернси (Брит.) Гибралтар (Брит.) Гондурас Гонконг (Қытайдың Сянган ерекше әкімш. ауд.) Гренада Греция Грузия Гуам (АҚШ) Дания Джерси (Брит.) Доминика Доминикан Республикасы Израиль Индия Ирландия Исландия Испания Италия Кабо-Верде Қазақстан Республикасы Кипр Қырғызстан Колумбия Корея Республикасы Косово Коста-Рика Латвия Лесото Либерия Литва Лихтенштейн Люксембург Маврикий Майотта Макао (Қытайдың Аомынь ерекше әкімш. ауд.) Македония Малави Мальта |
Маршаллов аралдары Мексика Молдова Монако Моңғолия Монтсеррат (Брит.) Морокко Мэн аралы (Брит.) Намибия Нидерландық Антиль аралдары (Нид.) Нидерланды Никарагуа Ниуэ Жаңа Зеландия Жаңа Каледония (Фр.) Норвегия Оман Кук аралдары Панама Парагвай Перу Польша Португалия Пуэрто-Рико Реюньон (Фр.) Ресей Федерациясы Румыния Сальвадор Самоа Сан-Марино Сан-Томе және Принсипи Свазиленд Әул.Елена аралы (Брит.) Солтүстік Мариан аралдары (АҚШ) Сейшель аралдары Сен-Пьер и Микелон (Фр.) Сент-Винсент және Гренадин Сент-Китс және Невис Сент-Люсия Сербия Словакия Словения АҚШ Суринам Тәжікстан Тонго Тринидад и Тобаго Түркия Тюркс және Кайкос (Брит.) Өзбекстан Украина Уоллис және Футуна (Фр.) Уругвай Фиджи Финляндия Фолкленд (Мальвин) аралдары (Брит.) Франция Француз Полинезиясы (Фр.) Хорватия Черногория Чехия Швейцария Швеция Эквадор Эстония Оңтүстік Африка Жапония |
Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және тіркеу ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының шетелдік өкілдіктерінде азаматтардан Қазақстан Республикасының жаңа төлқұжатын (паспортын) әзірлеу/беру үшін, келесі тұлғалардан құжаттар қабылданады:
Жеке мақсатта немесе туристік визамен Түркияға келген Қазақстан азаматтары төлқұжаттарын тек тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасында ауыстырулары қажет екеніне назар аударамыз.
* ҚР КСРО кезінде берілген шетелдік паспорты (қызыл паспорт) 1999 жылдың қаңтарынан бастап жарамсыз болып табылады.
** Өтініш беру және паспорт алу кезінде өтініш берушінің жеке қатысуы міндетті болып табылады. Сонымен қатар, кәмелеттік жасқа толмаған балаға 10 жылға жаңа паспорт рәсімдеу кезінде баланың қатысуы міндетті болып табылады.
*** Өтініш беру және паспорт алу кезеңдері сенімхат арқылы жүзеге асырылмайды.
Паспортты ресімдеу үшін, келесі құжаттар қажет:
А) Егер сіз Түркия Республикасының Жоғары Оқу Орнында білім алып жатқан болсаңыз:
Екі файл дайындаңыз: бірінші файлда түпнұсқалар, екінші файлда барлық түпнұсқалардың көшірмелері болуы тиіс.
Б) Егер сіз Түркия Республикасы аумағында заңды түрде жұмыс істеп жатқан болсаңыз:
Екі файл дайындаңыз: бірінші файлда түпнұсқалар, екінші файлда барлық түпнұсқалардың көшірмелері болуы тиіс.
В) Қазақстандағы тұрғылықты мекен-жайыныздағы Көші-қон қызметінден алынған, шетелге тұрақты тұруға Шығу рұқсат парағынызбен Түркия Республикасының аумағында тұрақты тұрсаңыз (Шығу парағы):
Екі файл дайындаңыз: бірінші файлда түпнұсқалар, екінші файлда барлық түпнұсқалардың көшірмелері болуы тиіс.
Г) Егерде Түркия Республикасында жасының егде тартуына байланысты (65 жастан жоғары) өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіздерге (қарттар) және тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар тұлғалар болса:
Екі файл дайындаңыз: бірінші файлда түпнұсқалар, екінші файлда барлық түпнұсқалардың көшірмелері болуы тиіс.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 90 күнтізбелік күн ішінде әзірленеді.
Қайтып оралуға куәлікті ресімдеу үшін қажетті құжаттардың тізімі:
1) Еркін нысандағы өтініш және сауалнама немесе шет мемлекеттің құзыретті органының қолдаухаты (Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген немесе Қазақстан Республикасына берілген жағдайда);
2) жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқаны туралы өтініш беру фактісін растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжат. Паспорт жоғалған немесе ұрланған жағдайда (a) құжатты жоғалу туралы жергілікті полиция қызметкерлеріне арыз жазу, (b) оның жоғалуы немесе ұрлануы туралы хабарлау және (c) растайтын қағазды рапортты басып шығару қажет және жергілікті органда куәләндіруіңіз тиіс (каймакамлык);
3) өлшемі 3,5х4,5 см түрлі-түсті екі фотосурет;
4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы - 10 АҚШ доллары;
5) жеке басын куәландыратын құжаттардың (бар болған жағдайда) бірінің түпнұсқасы, ал ол болмаған жағдайда Қағидалармен белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнама-өтініш;
6) жынысының өзгеру фактісін растайтын шет мемлекеттің медициналық мекемесі берген тиісті құжат тапсырылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІГІН БЕРУ
Түркияда тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарында бала туған жағдайда, балаға ҚР туу туралы куәлігі ресімделеді. Ол үшін баланың тууынан кейін 2 ай ішінде егер баланың ата-анасының екеуі де ҚР азаматы болса, кем дегенде біреуі, ал егер баланың ата-анасының тек біреуі ғана (жеке) ҚР азаматы болса, онда сол ата-анасы өзіне жақын орналасқан ҚР-ның ТР-дағы консулдық мекемесіне келіп, төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:
а) баланың денсаулық анықтамасының (түпнұсқасы мен көшірмесі) қазақша/орысша аудармасы;
ә) баланың басқа мемлекеттің азаматтығына қатысы жоқ екендігін растайтын құжат (Түркияда бұл, İl Nüfus Müdürlüğü-нен алынатын Formul A анықтамасы);
в) түсініктеме – не себептен құжат рәсімдеуге уақытылы құжат тапсырмады.
9. Консулдық алым – 25 АҚШ доллары (Garanti банк бөлімшесі арқылы төленеді);
10. Туу туралы куәліктің ресімделу мерзімі 5 жұмыс күнге дейін.
* Екі файл дайындаңыз: бірінші файлда түпнұсқалар, екінші файлда барлық түпнұсқалардың көшірмелері болуы тиіс.