Американдық сауда палатасымен AMCHAM кездесу

2024 жылғы 2 желтоқсанда – Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Жәнібек Әбдрашов Қазақстандағы Американдық сауда палатасының (AMCHAM) Бас директоры Джефф Эрлихпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар инвестициялық ахуалды жақсарту тұрғысынан Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары мен AMCHAM арасындағы одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша AMCHAM өкілі Қазақстанда экономикалық байланыстарды нығайтуға және қолайлы іскерлік орта құруға белсенді жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті.