Сорбонна-Қазақстан институтында Қ. Исағалиевтің мерейтойын салтанатты түрде атап өту

2024 жылғы 18 қыркүйекте Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, дипломат, "Халықаралық құқық" кафедрасының профессоры Қайрат Исағалиұлы Исағалиевтің мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. Сондай-ақ, іс-шарада Ерекше тапсырмалар бойынша Елші-ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Ж.Әбдрашов Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев пен Сыртқы істер министрі М. Нұртілеудің құттықтау хаттарын оқып, ардагерге ҚР дипломатиялық қызметіне қосқан үлесі үшін алғыс айтты.