Қазақстан мен Оңтүстік Корея: жаңа заманда жаңа сапалы қатынастар

Қазақстан мен Оңтүстік Корея: жаңа заманда жаңа сапалы қатынастар

2023 жылғы 30 мамыр мен 1 маусым аралығында Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Жиннің Қазақстанға ресми сапары өтті.                         

Сапар аясында сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстан Республикасының Президентімен, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрімен, Энергетика министрімен, сондай-ақ Қазақстандағы корей компаниялары мен корей диаспорасының өкілдерімен кездесулер өткізді.                                                 

Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Оңтүстік Корея ынтымақтастығының жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды талқылады.

Сонымен қатар, Министр Пак Жин Қазақстандағы корей диаспорасына арналған Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры мен көркемсурет көрмесіне барды.