Қазақстан Елшісі Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрінің орынбасарына сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті

2024 жылғы 14 мамырда Қазақстан Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Бірікен Араб Әмірліктері Сыртқы істер министрінің орынбасары Сейф Абдулла әл-Шамсимен кездесіп, сенім грамоталарының көшірмесін табыстады.
Тараптар Қазақстан-Әмірліктер екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жағдайын талқылап, екі ел арасындағы серіктестікті одан әрі дамыту жолдары жөнінде пікір алмасты.
Кездесудің қорытындысы бойынша Сейф Абдулла әл-Шамси Қазақстан Елшісі
Н. Мұхаметәліұлын жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі.