Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың маңызды екені атап өтілді. Сондай-ақ экономиканың түрлі саласындағы бірлескен бастамалар мен жобаларды жүзеге асыру жұмысын жандандыру қажет екеніне назар аударылды.
Президент БАӘ Премьер-министрінің орынбасары шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаянмен кездесті
Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Премьер-министрінің орынбасары шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаянмен кездесті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаянмен бүгінгі келіссөзінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды.
