
1992 ж. 1 қазанда ҚР мен БАӘ арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1997 ж. ҚР Дубай қаласындағы Бас консулдығы ашылды.
2005 ж. қазанда ҚР-дағы БАӘ Елшілігі ашылды.
2006 ж. қыркүйекте БАӘ-дегі ҚР Елшілігі ашылды.
2025 ж. мамырдан бастап ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі - Рауан Әбдіманапұлы Жұмабек.
2021 ж. қазаннан бастап БАӘ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Мұхаммед Әл-Арики.
Саяси ынтымақтастық
Жоғары деңгейдегі қатынастар
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1998-2021 ж. аралығында Біріккен Араб Әмірліктеріне 19 сапар жасады.
БАӘ Президенті Шейх Халифа бен Заид Әл Нахаян (марқұм)
2004-2013 ж. аралығында Қазақстан Республикасына 8 сапар жасады.
2018 ж. Абу Даби Тақ мұрагері, қазіргі БАӘ Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның Қазақстан Республикасына ресми сапары өтті.
2020 ж. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары өтті.
2022 ж. ҚР Президентінің БАӘ-ге жұмыс сапары өтті.
2023 ж. 16-18 қаңтарда ҚР Президентінің Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары өтті.
2023 ж. 1-2 желтоқсанда ҚР Президентінің Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары өтті.
2025 ж. 13-15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары өтті.
2025 ж. 11-12 мамырда Абу Даби Тақ мұрагері Шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның ҚР ресми сапары өтті.
Екіжақты қатынастар
2026 ж. 26-27 сәуірде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Абу Даби қаласына ресми сапармен барды.
Сапар аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-министрінің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер жүргізді. Тараптар Қазақстан-БАӘ арасындағы стратегиялық әріптестігінің қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі даму әліуетін талқылады.
2026 ж. 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы өкілі
Е.Лазар Абу Дабиге жұмыс сапарымен барып, Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-министрдің орынбасары Шейх Мансур бен Заид
Әл Нахаянның қабылдауында болды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға жолдаған хатын табыс етті.
2026 ж. 4-5 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Абу Дабиге жұмыс сапарымен барып, Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында өткен Шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы үшін» сыйлығын табыстау рәсімі аясындағы іс-шараларға қатысты.
2026 ж. 2-4 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары-Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Дубай қаласында өткен World Government Summit жұмысына қатысты. Саммит аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік қайраткерлерімен және жетекші компанияларының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.
2026 ж. 27-28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Gulfood 2026 халықаралық көрмесіне қатысты. Көрмеде қазақстандық өнімдердің кең ассортименті таныстырылып, нәтижесінде 335 млн АҚШ долларынан астам сомаға коммерциялық келісімшарттар жасалды.
2026 ж. 26-29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі, Жерорта теңізі Парламенттік Ассамблеясының Әлеуметтік саясат және адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі А.Ж.Қапбарова Абу Даби қаласында өткен Жерорта теңізі Парламенттік Ассамблеясы Әйелдер парламенттік форумының 2-сессиясына қатысты.
2026 ж. 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс тұрақты даму саласындағы жаһандық күн тәртібін ілгерілетуге және климаттық әрі экологиялық мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі халықаралық күш-жігерді қолдауға бағытталған жетекші халықаралық платформалардың бірі болып табылатын «Абу Дабидің тұрақты даму апталығы» (Abu Dhabi Sustainability Week, ADSW) іс-шарасына қатысты
Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстан Республикасының негізгі сыртқы саяси бастамаларын белсенді түрде қолдайды.
2008 ж. тамызда БАӘ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) толыққанды мүшесі болды.
БАӘ өкілдері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі жұмысына тұрақты түрде қатысып келеді.
БАӘ Қазақстан Республикасы аумағында Атом қуаты халықаралық (АҚХА) Төмен байытылған уран банкін (ТБУБ) құру жобасына 10 млн АҚШ доллары мөлшерінде жарна аударды.
2017 ж. 10-11 қыркүйекте БАӘ-нің делегациясы Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінің жұмысына қатысты.
Екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволары деңгейінде саяси консультациялардың бес раунды өткізілді, олардың соңғысы 2022 ж. қарашада өтті.
2025 ж. 17-18 қарашада ҚР мен БАӘ халықаралық құқық мәселелеріне жауапты құрылымдары арасында алғашқы консультациялар өткізілді.
2024 ж. 3-4 шілдеде Біріккен Араб Әмірліктері Жоғарғы федералдық кеңесінің мүшесі, Рас әл-Хайма әмірлігінің билеушісі бастаған эмираттық делегация Астана қаласында өткен «ШЫҰ+» саммитіне қатысты.