"Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы" ММ экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас сарапшысы C-4 (1 бірлік) (негізгі қызметкердің 2022 жылғы 20 қарашаға дейінгі жүктілікке және босануға демалысы кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

282306

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Әлемдік экономика

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы медициналық ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету» (кіші бағдарламалар – «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі», «Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету», «Медициналық ұйымдарды техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету», «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы медициналық ұйымдарының күрделі шығыстары») бағдарламасы бойынша республикалық бюджет көлемін қалыптастыру бойынша жұмыс. Ведомстволық қарасты кәсіпорындардың бюджеттік өтінімдерге экономикалық негіздеменің дұрыс көрсетуін бақылау. Бюджеттің жобалары және оның орындалуын талдау бойынша аналитикалық, анықтамалық материалдар, баяндамалар, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне мәселелер бойынша басқа да құжаттарды дайындау. Ақылы медициналық қызметтерге баға прейскурантының есебін жүргізу және келісу үшін Медициналық орталықтың басшылығына ұсыну. Ведомстволық қарасты ұйымдардың даму жоспарларын дұрыс жоспарлауын тексеру және бақылау, Медициналық орталықтың басшылығына бекіту үшін ұсыну. Ведомстволық қарасты ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша Перспективалық даму жоспарын жоспарлау және орындалуын қамтамсыз ету. Ведомстволық қарасты ұйымдарды қаржы мәселелері бойынша тексеруге қатысу. Медициналық орталықтың нормативтік және әдістемелік құжаттарын әзірлеуге қатысу. Өзге тапсырмаларды және хаттамаларды орындау. Еңбек, атқарушылық тәртіпті және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің Әдеп кодексін сақтау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.09.2022 – 29.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

010000, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, 1В-корпусы

Анықтама алу үшін байланыс

74-98-92; 74-90-28