ҚР ПІБ Медициналық орталығы Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас сарапшысы (2022 жылғы 28 қыркүйекке дейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне).

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Дәрігерлік емдеу ісі

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Аурухана ішіндегі инфекцияларды, инфекциялық-паразитарлық ауруларды алдын алу іс-шараларын әзірлеумен санитариялық-эпидемияға қарсы режимнің сақталуы бойынша Медициналық орталықтың денсаулық сақтау және мектепке дейінгі балалар ұйымдарына эпидемиологиялық тексеру жүргізу. Денсаулық сақтау объектілерінде әдістемелік және консультациялық жұмысты жүзеге асыру. Мемлекеттік, жергілікті атқару органдарымен, мемлекеттік органдармен профилактикалықжәне санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралар, аурухана ішінде инфекциялардың белең алуын болдырмау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдайңа мониторинг жүргізу. Жұмыстың жетекшілік ететін бөлімі бойынша аналитикалық материалдарды әзірлеу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.02.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.02.2021 – 02.03.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

04.03.2021

Сұхбаттасу орны

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, , Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, 1В кіреберісі

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74 90 28