ХХІІ кезекті сессиясын өткізді

ХХІІ кезекті сессиясын өткізді

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде аудандық мәслихаттың төрағасы А. Балташев аудандық мәслихаттың ХХІІ кезекті сессиясын өткізді, онда аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Жолымбетов өзіне жүктелген функциялардың, міндеттердің орындалуы және ауданның одан әрі даму перспективалары туралы есеп берді. Өз есебінде әкімнің міндетін атқарушы Е. Жолымбетов өткен жылы ауданда болған өзгерістерге назар аударып, болашаққа стратегиялық басымдықтарды белгіледі.

         Күн тәртібіндегі келесі мәселе коммуналдық шаруашылықты 2024-2025 жылдардағы қысқы маусымға дайындау болды. Сессияға қатысушылар жылыту жүйелерін жөндеуге және жолдардың жай-күйіне байланысты өзекті мәселелерді талқылап, ықтимал ақауларды жою бойынша алдын ала іс-шаралар қажеттігін атап өтті.

         Сондай-ақ, депутат А. Н. Глебованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қаралып, тұрғын үй комиссиясының дербес құрамы бекітілді.

         Сессия соңында, Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясында талқылау үшін негізгі мәселелер айқындалды.