Құрметті Аршалы ауданының тұрғындары!

Құрметті Аршалы ауданының тұрғындары!

Жыл сайын, 31 мамыр күні Қазақстан тарихының ең қайғылы – жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамдардың өмірін қиған жан түршігерлік ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. 1997 жылдан бастап Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып табылады.

Қуғын-сүргін құрбандары Кеңес Одағының аумағында өмір сүрген барлық ұлттардың әртүрлі топтарының өкілдері болды.

1919-1920 жылдардағы азамат соғысы аяқталғаннан кейін бірден басталған қуғын-сүргін екі онжылдық бойына жаппай, ал шын мәнінде одан да ұзаққа созылды.

Баға жетпес қазына - адам өмірі - әрқайсымызға берілген. Осы баға жетпес қазынаны сақтау туралы қамқорлық әртүрлі діни және саяси көзқарастағы адамдарды бір-біріне құрметпен және сеніммен қарауға итермелейді, біз жазықсыз құрбандардың әрқайсысын еске түсіру арқылы ғана жарқын болашаққа жол аша аламыз. Болашақтың берік негізі тәуелсіздіктен басталады. Біздің әрқайсымыздың міндетіміз - өткен ғасырдың ең қиын кезеңдерінің бірінің жазықсыз құрбандарының рухына құрмет көрсету. 

Мұның бәрі қоғамның бейбіт эволюциялық дамудың құндылығын сезінуі және мұндай оқиғалардың қайталануына ешқашан жол бермеуі үшін өте маңызды.

Бүгін бұрынғы жүйеде қаза тапқандар немесе қуғын-сүргінге ұшырағандарға құрмет көрсете отырып, барша қазақстандықтарға жақсылық, өзара сыйластық және ашық аспан тілеймін.

 

Аршалы аудандық

мәслихатының төрағасы   Ә. Балташев