Бірінші ұйымдастыру сессиясы

Бірінші ұйымдастыру сессиясы

Ағымдағы жылдың 30 наурызында Аршалы ауданының әкімі М. Балпанның қатысуымен сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының бірінші сессиясы өтті. Сессияны аудандық сайлау комиссиясының төрайымы С. Акубасова ашты. Дауыс беруге облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына барлығы 35 кандидат жіберілді. Аршалы ауданы бойынша сайлаушылардың жалпы саны 18 538 адамды құрады, 10 239 сайлаушы сайлау бюллетеньдерін алды.

Аудандық мәслихаттың төрағасы болып дауыс беру арқылы бірауыздан Ә. Балташев сайланды.

Күн тәртібіне келесі сұрақтар қойылды: «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу, тұрақты комиссиялар құру, тұрақты комиссиялар құрамын сайлау, тұрақты комиссиялар төрағаларын сайлау, сондай-ақ Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясына негізгі мәселелер.

Күн тәртібін қарағаннан кейін қатысушылардың алдында Аршалы ауданының әкімі М.Балпан сөз сөйледі, ол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын белгілеп, сайланған депутаттарды құттықтап, алда үлкен міндеттер мен нақты жоспарлар күтіп тұрғанын, олардың іске асырылуына халықтың депутаттарға көрсеткен жоғары сенімі байланысты екенін атап өтті.