Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Т. Жүнісов келді

2022 жылғы 9 желтоқсанда Аршалы ауданына Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Т. Жүнісов келді, ол Аршалы кентінің жылумен жабдықтау объектілерінің жұмысымен, сондай-ақ аудан орталығында газ құбыры мен одан тармақ салу барысымен танысты.
Талғат Тұрлыбекұлы Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы білім беретін мектепте, Аршалы кентінің агротехникалық колледжінде болып, білім беру объектілерінің жылу режиміне және балаларды оқытудың басқа да жағдайларына қызығушылық танытты.
Қазіргі уақытта Аршалы кентінде жеке тұрғын үй қорын газдандыру аяқталуда. Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Т. Жүнісов газ құбырын салу жұмыстарының барысымен танысып, үйіне газ енгізілген Макаровтар отбасына барды.
Жұмыс сапары барысында Т. Жүнісовты Аршалы аудандық мәслихатының хатшысы Е. Қазбеков алып жүрді.