Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 44 сессиясы өткізілді

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында аудандық мәслихаттың төрағасы Ә. Балташевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 44 сессиясы келесі мәселелерді қараумен өткізілді:
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 29/2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 30/2 «2025-2027 жылдарға арналған Аршалы ауданының кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 40/7 «Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 42/7 «Аршалы ауданының бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.