Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 40/7 «Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Аршалы ауданы әкімдігінің  2026 жылғы 6 ақпандағы  А-02/26 «Аршалы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 5 тамыздағы № А-08/165 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанынан тұрғын үй комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 40/7 «Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

         көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

Қосымша

Жарияланған күні

19 қазан 2026 17:06

Жаңарту күні

20 қазан 2026

Түрі