Жиі қойылатын сұрақтар
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 21-бабы 2-тармағы 2-тармағында депутат: «өз округі сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасап тұруға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы жылына кемінде бір рет хабарлап отыруға, сондай-ақ сайлаушылардың өзіне келіп дауыс беруін талап етуге міндетті, сондай-ақ өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға қатысу тиіс» делінген.
Ответ на обращение вы получите на адрес, который указали в заявлении. Также можно позвонить в приемную маслихата по номеру 25 47 68 и узнать предварительные сроки ответа.
Ол үшін кез келген маңызды мәселе бойынша әрбір қазақстандық өз елінің қай бұрышында тұратынына қарамастан жүгіне алады.
«Ақмола облысының Құрметті азаматы» атағын беру ережесінің 3, 4, 5 тармақтарына сәйкес атақ келесі азаматтарға беріледі:
- кәсіби міндеттерін немесе азаматтық борышын орындау кезінде жоғары мемлекеттік наградалары бар жеке ерлік көрсеткендерге;
- өзінің еңбек қызметі кезеңінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, еңбекке мінсіз және шығармашылық көзқарасы, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін үлес қосқан адамдарға беріледі;
- облыстың экономикалық өсуі мен әлеуметтік дамуына белсенді ықпал еткен инновациялық қызметі және озық технологияларды енгізгені үшін;
- ғылым, әдебиет, өнер және шығармашылық қызметтің басқа да түрлері саласында, мәдениетті, спортты дамытуға, білім беру, денсаулық сақтау сапасын арттыруға ерекше үлес қосқан;
- ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілікті, облыста тұрып жатқан халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуда жемісті жұмысы үшін;
- заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткені үшін;
- азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға белсенді қызметі, қайырымдылық және қамқоршылық қызметі, елімізде және шет елдерде Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) имиджін арттырғаны үшін;
- ерекше құрмет белгісі ретінде атақ мемлекеттік қызметте өзін танытқан мемлекеттік және саяси қайраткерлерге және облыстың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына ықпал ететін азаматтарға берілуі мүмкін;
- атақ Қазақстан Республикасының азаматтарына тірі кезінде беріледі.