Депутаттық өкілеттіктер, азаматтардың құқықтары мен заңдылығы, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы
Көру саны:3
Ағымдағы жылғы 30 қаңтарда мәслихаттың отырыс залында Депутаттық өкілеттіктер, азаматтардың құқықтары мен заңдылығы, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы өтті. Оған аудан мәслихатының төрайымы Л.В. Топорова, № 11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Б.Т. Ақтанов, Преснов ауылдық округінің әкімі Қ.С. Сансызбаев қатысты.
Тұрақты комиссия мүшелерімен келесі сұрақ қарастырылды:
2024 жылға арналған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, адамдарды және тұрғын үйлерді өрттен қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
Жамбыл ауданының Тотенше жағдайлар бөлімінің бастығы Сейілбек Қайыржанұлы Смайылов сөз сөйледі.
Депутаттар қойған сұрақтар Жамбыл ауданының Тотенше жағдайлар бөлімі, № 11 өрт сөнтіру бөлімі басшылығының бақылауына алынады.
Жоғарыда аталған мәселені белсенді талқылай келе, тұрақты комиссия ұсынды:
- ауданда төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыру.




