Профилактикалық семинар

Бүгін «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Әдеп жөніндегі уәкілі Г.Қ. Жаңбыршина аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен аудан мәслихаты төрайымы Л.В. Топорованың басшылығымен семинар өткізді.

Семинарда қызметкерлердің назарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің 2024 жылғы 18 қазандағы № 40 «Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнындағы үстеме жұмыс кідірісін анықтау жөніндегі жұмыс қорытындылары туралы, мемлекеттік органдардағы қол жеткізуді есепке алуды бақылау жүйесін талдау» шешімі жеткізілді.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты режимі, демалыс және мереке күндері үстеме жұмыс пен жұмысқа заңсыз тарту мәселелері талқыланды. Келіп түскен барлық сұрақтар бойынша ауызша түсініктемелер берілді.

 

Жарияланған күні

04 қараша 2024

Жаңарту күні

04 қараша 2024