Жамбыл ауданы Қоғамдық кеңес мүшелерінің назарына!

2024 жылғы 22 тамызда сағат 15.00-де Жамбыл ауданы мәслихатының мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің отырысы өтеді. Сіздерді кеңес жұмысына қатысуға шақырамыз. 

Қоғамдық кеңестің қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауданішілік бағыттары бойынша жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильдік тасымалдау тарифін келісу туралы.
  1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының кейбір елді мекендерін тарату және есептік деректерден алып тастау туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен мәслихатына ұсыныстар енгізу туралы.
  1. 2024 жылдың 1 жартыжылдығында Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясының мемлекеттік қызмет көрсетуі туралы.
  1. Әр түрлі.

Жарияланған күні

21 тамыз 2024

Жаңарту күні

21 тамыз 2024

Қызмет бағыты