Қоғамдық кеңестің отырысы 27.12.2023 ж.
Жарияланған күні: 04 қаңтар 2024
Жаңарту күні: 04 қаңтар 2024
Көру саны:5
2023 жылғы 27 желтоқсанда аудан мәслихатының төрайымы Л.В. Топорова Жамбыл ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысына қатысты.
Қоғамдық кеңесте сұрақтар қарастырылып және талқыланды:
- 2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы
- 2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы беру және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
Екі сұрақ бойынша Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бауыржан Сейдешұлы Молдағалиев хабарлады.
- Жамбыл ауданының әлеуметтік қызметкерлерінің жұмысы, олардың құқықтары мен міндеттері туралы.
Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дархан Сәбитұлы Смайылов хабарлады. - Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округі аумағының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы.
Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің әкімі Қайрат Сайлаубайұлы Сансызбаев хабарлады.
Барлық қаралған мәселелер бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері тиісті ұсыныстар берді.




