Жамбыл ауданы Қоғамдық кеңесінің 2022 жылғы жұмысы туралы ақпарат
Көру саны:11
Жамбыл ауданының қоғамдық кеңесі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес құрылған.
Оның құрамына қоғамдастық өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ бизнес өкілдері кірді.
Жалпы, қоғамдық кеңес 15 адамнан тұрады. Оның ішінде әйелдер — 7, ерлер — 8. Қоғамдық кеңес мүшелерінің орташа жасы — 49 жас.
2022 жылғы өз қызметі шеңберінде Қоғамдық кеңес 14 отырыс өткізді, онда өзекті мәселелер қаралып, түрлі мәселелер бойынша 79 ұсыныс қабылданды.
Қоғамдық кеңес нормативтік құқықтық актілердің 64 жобасын қарады (соның ішінде азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты 13 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеуге жолданған), 13 — Қоғамдық кеңес мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып қабылданды (Аудан және ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылауда өзгерістер енгізген кезде түсіндірме жазбада қаражаттың неге бөлінетінін егжей-тегжейлі ашып көрсету қажет).
Қоғамдық кеңестің отырыстарында мемлекеттік органдар басшылары мен мамандарының, ауылдық округ әкімдерінің 85 есебі тыңдалды.
Отырыстарда қаралған негізгі мәселелер:
- Мемлекеттік қызмет көрсету;
- Жергілікті қоғамдастық туралы;
- Бюджеттердің орындалуы және бекітілуі туралы;
- Ауданымыздың ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы;
- Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы;
- Атаусыз көшелерге атау беру туралы;
- Пресновка ауылының бас жоспарын және кейбір ауылдық елді мекендердің оңайлатылған бас жоспарларын бекіту туралы;
- Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін келісу туралы;
- Мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларын бекіту туралы;
- Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы;
- Жеке жоспар бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы;
- Шалғай елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы;
- Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын белгілеу және бекіту туралы;
- 2023 жылы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы және басқалары.
Жастарды қолдау және тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы тыңдалды, онда жас мамандар мен жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша жастарды оқытуға және қайта оқытуға жәрдемдесу, жастарға өз ісін ашу үшін гранттар алуға жәрдемдесу, жастардың бос уақытын белсендірек ұйымдастыру ұсынылды.
Үш комиссия құрылды:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша;
- экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша.
2022 жылы отын дайындау және отынның қалыптасқан құны мәселесі бойынша екі қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды және өткізілді, онда баға белгілеу мәселесіне өлшенген және өзекті түрде қарау туралы ұсыныстар берілді. Тамыз айында Преснов ауылдық округі әкімінің Пресновка ауылының шеттерін жарықтандыру, қатты тұрмыс қалдықтары полигонын ұстау және құнарландыру, Пресновка ауылының балалар алаңдарын орналастыру және «Питное» көлінің жағалауын абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпараты тыңдалды. Онда қатты тұрмыс қалдықтары қоқыс орынында тәртіпті ұстау мәселесін шешуге, жағалауды абаттандыру мәселесін бақылауда ұстауға және ары қарай жағажай аймағымен мәселені шешуге ұсыныстар берілді.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы 4)-тармақшасының талаптарына сәйкес, аудандық мәслихат аппаратының интернет-ресурсында Қоғамдық кеңестің қызметі туралы халықтың хабардарлығын арттыру үшін «Қоғамдық кеңес» қосымша парақшасында өткізілген отырыстардың қорытындылары мен қаралған мәселелер туралы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарлары туралы қысқаша ақпарат орналастырылады.
Қоғамдық кеңес төрағасы Р. Садыков