Артқа

Елеусінов Өмірзақ Тұрымбетұлы

Жалағаш аудандық мәслихатының төрағасы

Жалпы ақпарат, білімі

Елеусінов Өмірзақ Тұрымбетұлы 1963 жылы 27 шілдеде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, «Коммунизм» кеңшарында дүниеге келген.

1985 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институты филиалын,

2003 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.

Мамандығы: құрылыс инженері, заңгер.

Мансап

Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңадария совхозында құрылыс  мастері болып бастаған;

1985-1987 ж.ж. Кеңес Армиясы қатарында;

1987-1994 ж.ж. Жалағаш аудандық  агроөнеркәсіп  бірлестігінде және Жалағаш МПМК-08 мекемесінде инженер-құрылысшы, аға-маман, аға инженер;

1994-1998 ж.ж. “Жігер” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы;

1998-2004 ж.ж. Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығының Жалағаш аудандық  филиалы меңгерушісі;

2004-2008 ж.ж. Жалағаш кентінің әкімі;

2008-2009 ж.ж. “БТА” банк акционерлік қоғамының Қызылорда филиалының Жалағаш ауданындағы бөлімшесінің бастығы;

2009-2013 ж.ж. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бастығы;

2013-2014 ж.ж. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы;

2014 - 2018 ж.ж. Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары;

2018- 2023 ж.ж. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.

2023 жылдың 30 наурызынан бастап Жалағаш аудандық мәслихат төрағасы.

Жұмыс бағыттары