Артқа

Умбетова Базаркуль Сейтжановна

Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты

Жалпы ақпарат, білімі

Базаркүл Сейітжанқызы Үмбетова, 16 қараша 1966 жылы Жезқазған қаласында туған. ҚазМҰУ журналистика  факультетін (1990ж), Орта-Азиялық университеті заң факультетін бітірген (2003ж).

Мансап

 1985-1997 жылдар аралығында Жезқазған облыстық телерадиокомпаниясында тілші, редактор, қоғамдық саяси бағдарламалар редакциясының бөлім меңгерушісі.1997- 2002 жылдары Қазақстан ұлттық телеарнасының  «Астана» студиясында комментатор болып қызмет атқарды.

           2002 жылдан - 2018 жылға дейін «Қазақстан РТРК» АҚ  «Астана» радиосында жауапты редактор, шеф редактор, директордың орынбасары, бас редактор. 2018 жылдан Qazir.kz порталының бас редакторы.

          2019-2021 ҚР Кәсіподақтар  медиаорталығында сарапшы. 2021 жылдан қазірге дейін «ULYTAU» облыстық телерадиокомпаниясының креативті директоры. (бұрынғы «Дидар» қалалық телеарнасы). ҚР Журналистер Одағы сыйлығының иегері, ҚР Ақпарат саласының үздігі.