GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Мәслихат туралы
Құжаттар
Все материалы
20 октября 2026
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІПТІҢ БАСТАУЫ
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІПТІҢ БАСТАУЫ! 
Аудандық мәслихат аппаратының ұжымы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында аудан тазалығына үлес қосып, көше тұрғындарына қоршаған ортаны таза ұстауға шақыратын үнпарақтар таратты.
 Тазалық – мәдениеттің белгісі, табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті!
Осындай игі бастамалардың мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және туған өлкенің таза әрі көрікті болуына үлес қосу.Таза Қазақстан – таза болашақ!
Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюі әрқайсымыздың қолымызда. Тазалықты сақтап, табиғатты аялау – баршамызға ортақ міндет!
20 октября 2026
Еңбекке құрмет – елге құрмет
Еңбекке құрмет – елге құрмет
Ақтөбе облыстық мәслихатының Ойыл, Қобда және Байғанин аудандарынан сайланған депутаты Сисенбаев Естай Ибрагимұлына аудан әкімі Займолдин Сәкен Ғазизұлының қатысуымен құрмет көрсетілді.
Естай Ибрагимұлы депутаттық қызметі барысында «AMANAT» партиясының Жол картасында көзделген міндеттердің орындалуына, соның ішінде ауданға газ тарту, халықты ауызсумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу және басқа да маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қажетті қаражаттың бөлінуіне өз үлесін қосты.
Ел игілігі жолындағы еңбегі мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Естай Ибрагимұлына алғыс білдіріліп, құрмет көрсетілді
20 октября 2026
Депутаттармен қорытынды кездесу өткізілді
Депутаттармен қорытынды кездесу өткізілді
Бүгін аудан әкімі Сәкен Ғазизұлы Займолдиннің қатысуымен аудандық мәслихаттың VIII шақырылым депутаттарының өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына орай салтанатты шара өтті.
Шара барысында ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, өңірдің дамуына үлес қосқан депутаттарға құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.
Атап айтқанда, аудандық мәслихат депутаты Тілекбай Амиров «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталса, Жангүл Ізғарина Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Құрмет грамотасына, ал Айболат Оралов облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.
Сонымен қатар аудан әкімі Сәкен Займолдин өз атынан барлық депутаттарға Алғыс хат табыстап, ауданның дамуына қосқан үлестері мен атқарған еңбектері үшін ризашылығын білдірді.
Салтанатты шара барысында депутаттарға сый-құрмет көрсетіліп, олардың ел игілігі жолындағы қызметтеріне алғыс айтылды.
Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, абыройларыңыз арта берсін!
18 сентября 2026
Ойыл аудандық мәслихаты жаңа аудан әкімінің лауазымына ұсынылған кандидатураны қолдады

         Бүгін, 2026 жылдың 18 қыркүйегі күні, Ойыл аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы өтті. Сессияға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров және аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Мұстафа Бисембаев қатысты.

 

         Сессия барысында облыс әкімі Ойыл ауданының әкімі лауазымына Займолдин Сәкен Ғазизұлының кандидатурасын ұсынып, оның өмірбаянын таныстырды. Аудандық мәслихат депутаттары облыс әкімі ұсынған кандидатураны қолдап, дауыс берді.  

 

         Өңір басшысы мен депутаттар жаңа аудан әкіміне алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

10 сентября 2026
Саралжын ауылындағы кезекті іссапар
Аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин Саралжын ауылдық округіне қарасты Кемер ауылына барып, бірқатар әлеуметтік нысандардың қазіргі жұмыс барысымен танысты.
Сапар барысында ауылдың санитарлық тазалығы, абаттандырылуы және көркейтілу деңгейі назарға алынып, аталған бағыттар бойынша депутаттық бақылау жүргізілді.
Әлеуметтік нысандардың жай-күйі мен ауылдың тазалығына қатысты бірқатар мәселелер талқыланып, оларды шешу бойынша ұсыныс-пікірлер айтылды және тиісті жұмыстарды жүйелі түрде бақылауда ұстау қажеттігі атап өтілді.
10 сентября 2026
Қаратал ауылында депутаттық бақылау жүргізілді
Ауылдың тазалығы мен абаттандырылуы – тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырудың маңызды көрсеткіштерінің бірі. Осы бағыттағы жұмыстардың жай-күйін зерделеу мақсатында аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин мен аудандық мәслихат депутаты Назгүл Ешпанова Қаратал ауылындағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
Сапар барысында Ақтөбе облыстық мәслихатының қағидалары мен қабылданған шешімдерінің орындалу барысы қаралды. Әлеуметтік нысандардың қызметі, ауыл аумағының санитарлық тазалығы, абаттандырылуы және көркейтілу деңгейі бағаланды.
Сонымен қатар нысандардың айналасын күтіп ұстау, тазалықты сақтау және абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелеріне назар аударылды.
Бақылау қорытындысы бойынша ауыл аумағын санитарлық талаптарға сай ұстау және абаттандыру жұмыстарын жүйелеу қажеттігі айтылды.
10 сентября 2026
Көптоғай ауылындағы мәселелер – депутаттар назарында
Аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин және аудандық мәслихат депутаты Тилекбай Амиров Көптоғай ауылына барып, бірқатар әлеуметтік нысандардың қазіргі жұмыс барысымен танысты.
Сапар барысында ауылдың санитарлық тазалығы, абаттандырылуы және көркейтілу деңгейі назарға алынып, аталған бағыттар бойынша депутаттық бақылау жүргізілді.
Сонымен қатар, “Шеркеш” шаруа қожалығының қысқы мал азығын дайындау жүмыстарымен танысты.
Әлеуметтік нысандардың жай-күйі мен ауылдың тазалығына қатысты бірқатар мәселелер талқыланып, оларды шешу бойынша ұсыныс-пікірлер айтылды және тиісті жұмыстарды жүйелі түрде бақылауда ұстау қажеттігі атап өтілді.
20 августа 2026
Аудандық мәслихаттың кезекті отыз үшінші сессиясы өтті

19 тамыз күні аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдиннің төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезекті отыз үшінші сессиясы өтті.

20 августа 2026
Тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 19 тамыз күні Жангүл Ізғаринаның төрағалығымен аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және аграрлық сала және білім, денсаулық сақтау, құқық тәртібі және жастар саясаты мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.

30 июня 2026
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз екінші сессиясы өтті.
29 маусым күні аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдиннің төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз екінші сессиясы өтті.
Сессия отырысына аудан әкімі Асқар Қазыбаев, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті мекеме басшылары және БАҚ өкілі қатысты. Ауылдық округтерден сайланған депутаттар мен ауылдық округ әкімдері zoom платформасы арқылы онлайн режимінде қатынасты.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралып, талқыланды:
​1. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 294 «2026-2028 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
​Хабарламашы: Б.Әділханов – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
​2. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №107 «Ойыл ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
​Хабарламашы: А.Ж.Мусин – аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы.
Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес ұсыныс-пікірлер тыңдалып, тиісінше шешімдер қабылданды.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы